Коронавирус пневмониясынан бес адам қайтыс болды

Коронавирус пневмониясынан бес адам қайтыс болды
Сурет: Tengrinews.kz

Коронавирус пневмониясын жұқтырудың 125 жағдайы анықталды

2022 жылғы 4 ақпандағы жағдай бойынша, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жаңартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 

2.02.2022ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 125 жағдайы және 5 өлім жағдайы жағдайы тіркелді. Оған қоса 139 адам емделіп шықты.

2020 жылдың 13 наурызынан бері барлық ауырғандар саны - 86776, сонымен қатар 5280 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 80317-ге жетті.