Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
Сурет: 24.kz

Елде 148 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан

Денсаулық сақтау министрлігі 28 қазанда пневмониямен ауырғандар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

26.10.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 148 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 202 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан бері барлық ауырғандар саны - 79116 науқас, 5022 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 68200 адамға жетті.