Коронавирус пневмониясымен ауырған 5 науқас қайтыс болды

Коронавирус пневмониясымен ауырған 5 науқас қайтыс болды
Сурет: Inbusiness.kz

Өткен тәулікте COVID-19 пневмониясынан 10 адам жазылды

21.11.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 10 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 81977, 5125 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 72706 жетті.