Коронавирус пневмониясымен 101 науқас тіркелді

Коронавирус пневмониясымен 101 науқас тіркелді
Cурет: Ашық дереккөз

199 науқас емделіп шықты

Коронавирус пневмониясымен 101 науқас және 7 адам өлім тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«19 қарашадағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмониямен 101 науқас және 7 адам өлім тіркелді. Оған қоса 199 адам емделіп шықты», делінген хабарламада.

2020 жылдан бастап барлық ауырғандар саны – 81 955, 5 119 өлім тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 72 659 жетті.