Коронавирус пандемиясы кезіндегі қажырлы еңбегі үшін денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған ескерткішінің ең үздік жобасына ашық конкурс өткізудің БАҒДАРЛАМАСЫ мен ШАРТТАРЫ

 

  1. Конкурстың мақсаты

Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияға ұсыныс енгізу мақсатында көркем сәулеттік-мүсіндік композиция жасау арқылы Коронавирус пандемиясы кезіндегі қажырлы еңбегі үшін денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған ескерткішінің ең үздік тұжырымдамалық мүсіндік-көркемдік шешімін анықтау.

  1. Конкурстың бағдарламасы

 Дәрігерлерге арналған ескерткіш бүкіл адамзатқа төнген қауіп-қатермен күресетін дәрігерлердің ұжымдық бейнесін бейнелеуі керек – бұл «жауынгерлік бекеттегі» қорғаныс костюміндегі дәрігер, ауыр жұмыс пен ұзақ маска киюден шаршаған медбике. Бет әлпеті, дене тұрысы медицина қызметкерінің кәсібилігін, риясыз жанқиярлықты, адамдарға деген сүйіспеншілікті, мейірімділікті, шыдамдылықты, ұстамдылықты, табандылықты, ең қиын сәтте көмекке келуге деген ұмтылысты бейнелеуі керек. Бұл қарапайым азаматтың бейнесі, сонымен бірге адамзаттың құтқарушы кейіпкерінің бейнесі болуы керек.

Ескерткіш қолданыстағы ғимаратқа үйлесімді орнатылуы керек.

Жобада ұзақ мерзімге төзімді материалдар (мәрмәр, гранит, қола және т.б.) қарастырылуы керек.

Орнатылатын орны – Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 94 мекенжайында орналасқан С. Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ-і бас ғимаратының алды. 

 

  1. Конкурстың шарттары

 

Конкурсқа барлық қалаушылар, сондай-ақ авторлық ұжымдар қатыса алады. Конкурстың өткізілуі: 2021 жылғы 10 сәуір мен 25 мамыр аралығы. Жобалар 2021 жылдың 25 мамырынан кешіктірілмей мына мекенжайға: 050000, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы, № 444 кабинетке тапсырылады.

Басқа қалалардағы авторлар жобаларды белгіленген мерзімнен кешіктірмей пошталық түбіртек нөмірін алдын ала хабарлай отырып Алматы қаласы Мәдениет басқармасының мекенжайына жібереді.

Конкурсқа жобалары алты таңбалы санмен белгіленген ұранмен ұсынылады. Ұран конкурсқа ұсынылған жоба материалының, сондай-ақ конверттің жоғарғы оң жақ бұрышында жазылады (биіктігі 1 см). Желімделген ұрандық конвертте авторының аты-жөні мен мекенжайы көрсетілген ақпараттық парақ салынады.

Қысқаша түсініктеме жазба ескерткіштің көркемдік шешімі мен кеңістікті ұйымдастыру қағидалары және негізгі идеясы мазмұндалған №14 өлшемді «Тімеѕ New Roman» қарпімен бірінші жол аралығымен басылған 2 парақтан аспайтын мәтіннен тұратын 2 данада ұсынылады.

Конкурс қорытындысы бойынша Алматы қаласының Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясы шешім қабылдайды.

Конкурс шарттары сақталмай ұсынылған жобалар конкурсқа жіберілмейді және Комиссияда қаралмайды.

 

  1. Конкурстың жоба ұсыныстарының құрамы және ұсынылатын материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар:

 

  1. Ескерткіш (мүсіндік туынды) эскизі масштабы 1:10
  2. Бас жоспар (схемалық жоспар) масштабы 1:200
  3. Ескерткіш (мүсіндік туынды) 2 фасады,

1 перспективасы       масштабы 1:20

  1. Түсініктеме жазба

Жобалар 60х80 см көлемдегі планшетте беріледі. Графикалық орындау әдістері макеттің түсі, техникасы және материалы авторлардың қалауы бойынша орындалады.

Қосымша ақпараттар пен анықтамаларды 8 (727) 272-11-09 телефоны арқылы алуға болады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *