Коронавирус пандемиясы адамдардың психологиялық жағдайына әсер етуде

Коронавирус пандемиясы адамдардың психологиялық жағдайына әсер етуде
Cурет: Dw.com

Адам ағзасында оттегінің ұзақ уақыт жеткіліксіз болуы психологиялық күйзеліске әкеп соғады

Халықаралық ғалымдар тобы жаһандық зерттеу жүргізіп, соңғы 1 жылда күйзеліске ұшырағандар қатары әлем бойынша 28 пайызға өскенін анықтап отыр, деп хабарлайды, Almaty-akshamy.kz

Ғылыми жұмыстың нәтижиесі The Lancet журналында жарияланды. Яғни, COVID-19 вирусына шалдыққан науқастар еш себепсіз мазасыз күйге түсіп, ұйқысы қашқан, ас қорыту мүшелерінде ауыртпалық сезінген. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері дәл осындай жағдай коронавирус жұқтырып, жазылғаннан кейін де 3 ай бойы жалғасуы мүмкін екенін айтып отыр.  

«Коронавирус инфекциясы қан тамырларын зақымдайды. Соның салдарынан орталық жүйке жүйесінің жұмысы нашарлайды. Сондай-ақ, респираторлық синдром – қанның құрамындағы оттегінің айтарлықтай төмендеуіне әсер етуі мүмкін. Ал адам ағзасында оттегінің ұзақ уақыт жеткіліксіз болуы психологиялық күйзеліске әкеп соғады», – деді ҚР-дағы ДДҰ елдік офисінің Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі психикалық денсаулық жөніндегі ұлттық кеңесшісі Николай Негай.