Коронавирус кете ме?

Коронавирус кете ме?
Сурет: 24.kz

ДДҰ осыған қатысты мәлімдеме жасады.

Биыл коронавирус пандемиясы  аяқталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус 2023 жылы Covid-19 пандемиясы аяқталатынына және ауруға байланысты халықаралық төтенше жағдай режимі өз күшін жоятынына сенімді.

Мұндай мәлімдемені ол денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін кіші Томас Фрэнсис медалін алғаннан кейін жасады.

"Осы жылы біз Covid-19 денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай мен пандемия ретінде аяқталды деп айта алатынымызға сенімдімін", - деді Гебрейесус.

Ол пандемия жарияланғалы бері алғаш апта сайын тіркеліп жатқан қайтқандар саны азайғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазір жағдай анағұрлым жақсарып, бір қалыпқа келді.