Коронавирус инфекциясынан ел бойынша 18 мыңнан астам науқас емделуде

Коронавирус инфекциясынан ел бойынша 18 мыңнан астам науқас емделуде
Сурет: Inform.kz

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 24 желтоқсандағы ақпарат

24 желтоқсандағы мәлімет бойынша 18 404 адам коронавирус инфекциясынан (16 010 КВИ+ және 2 394 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram каналына сілтеме жасап. 

Олардың ішінде

 2 921 пациент стационарда,
 
 15 483 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

 243 адамның жағдайы ауыр,

 70 пациенттің жағдайы өте ауыр,

 56 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.