Коронавирус дүниежүзін әбігерге салуда

Коронавирус дүниежүзін әбігерге салуда
Сурет: Rbc.ru

Дерт ешкімді де аямауда.

Әлемде коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 200 млн-нан асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24 kz-ке сілтеме жасап.

Аталған ахуал жайында Джонс Хопкинс университеті мәлім етті. Індет өршіп тұрған елдердің қатарында АҚШ, Үндістан мен Бразилия көш бастап тұр.

Құрама штаттарында 35 млн 300 мың науқас тіркелсе, Үндістанда бұл көрсеткіш 31 млн 800 мың адамды құрап отыр. Ал Бразилияда дімкәс жандардың саны 20 млн-ға жетті. Бұл елдерде өлім-жітім көрсеткіші де ең көп тіркелген.

Айта кетерлігі, Ұлыбритания, Түркия, Аргентина, Колумбия мен Испания елдерінде де эпидахуал мәз емес.