Коронавирус бойынша аймақтық матрица жарияланды

Коронавирус бойынша аймақтық матрица жарияланды
Cурет: Ашық дереккөз

Бір облыс қана «қызыл» аймақта

4 желтоқсандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
«Қызыл аймақта»: Солтүстік Қазақстан облысы.

«Сары аймақта: Нұр- Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 686 адам коронавирусқа шалдықса, 1122 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.