Коронавирус белгілері бар пневмония 36 адамнан анықталды

Коронавирус белгілері бар пневмония 36 адамнан анықталды
Сурет: Inbusiness.kz

2022 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат.

2022 жылдың 14 наурызындағы мәлімет бойынша, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 36 жағдайы тіркелді, өлім жағдайы тіркелмеді. Оған қоса 18 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлық ауырғандар саны - 88458, сонымен қатар 5347 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 82068-ге жетті.