Коронавирус: Алматы «жасыл» аймақта тұр

Коронавирус: Алматы «жасыл» аймақта тұр
Cурет: Inform.kz

«Қызыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ

13 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгінде «қызыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.