Коронавирус. 405 науқастың жағдайы ауыр

Коронавирус. 405 науқастың жағдайы ауыр
Cурет: Ашық дереккөз

57 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 22 қаңтардағы ақпарат жарияланды.

22 қаңтардағы мәлімет бойынша, 135 963 адам коронавирус инфекциясынан (–134 456+ және 1 507 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 9 241 пациент стационарда, 126 722 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
• 405 адамның жағдайы ауыр,
• 104 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 57 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.