«Қорғас» қашан ашылады?

«Қорғас» қашан ашылады?
Сурет: 7 kun.kz

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жұмысы қайта жанданады.

Естеріңізге сала кетейік, пандемия басталғалы бері оның жұмысы тоқтап тұрған. Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Өздеріңіз білетіндей, «Қорғас» ШЫХО әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқанына 3 жылдан астам уақыт өтті. Осы үш жыл ішінде Басқарушы компания Орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес-процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, аталған орталық 24 сәуірден бастап жұмыс бастайды.

Айта кетейік, «Қорғас» орталығында Қазақстан мен Қытай тараптарының өкілдері саудамен айналысады. Ондағы сауда орындарында баға нарықтан бірнеше есе арзан болғандықтан, орталыққа ағылушылар көп болатын.