Қорғаныс министрлігінің басшылығы түрік компаниясының өкілдерімен кездесті

Қорғаныс министрлігінің басшылығы түрік компаниясының өкілдерімен кездесті
Сурет: Elorda.info

Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық талқыланды

Қорғаныс министрлігінің басшылығы түріктің «Otokar» компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.kz-ке сілтеме жасап.  

Келіссөздер барысында Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов әскери ведомство отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенімен өзара қарым-қатынас жасай отырып, әскерлерді техникалық қайта жарақтандыру шараларын қабылдап жатқанын атап өтті.

«Otokar» компаниясының өкілдері әскери және азаматтық секторларда Қазақстан-Түрік бірлескен кәсіпорындарын дамыту мақсатындағы ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Тараптар Қазақстанның қорғаныс ведомствосы мен әскери техника өндірушісі арасындағы өзара қарым-қатынас жөнінде пікір алмасты.