Қорғаныс министрлігі «Әскер аруы» фотобайқауын бастады

Қорғаныс министрлігі «Әскер аруы» фотобайқауын бастады
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Байқаудың мақсаты – әйелдер арасында әскери мамандықты дәріптеу.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әскер аруы» фотобайқауы басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Фотобайқау ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасымен өтеді.

Байқауға сауалнамалар толтырылған 50-ден астам өтініш келіп түсті, оның ішінде техникалық талаптарға сәйкес келетін 26 өтінім іріктеліп алынды. «Әскер аруы» байқауына қатысушыларға Қорғаныс министрлігінің ресми Instagram-дағы @modgovkz парақшасынан көруге және дауыс беруге болады.

Үшінші наурызда төрт әскери қызметші ару арасынан жеңімпаздар анықталып, оларды салтанатты марапаттау осы жылдың 7 наурызында өтеді.

Сіздердің назарларыңызға кейбір сайыскерлердің суреттерін ұсынамыз. Қалған қатысушылардың суреттерін ҚР Қорғаныс министрлігінің Instagram парақшасынан көре аласыздар.

Әлеуметтік желінің әрбір қолданушысы Қарулы Күштердің әскери маман иелеріне дауыс бере алады.