Қорғаныс министрі Францияның Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Қорғаныс министрі Францияның Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті
Cурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әскери ынтымақтастықтың даму мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтанда Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесспен және Францияның Қазақстандағы әскери атташесі полковник Жан-Филипп Тардьемен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Тараптар әскери білім беру, бітімгершілік, әскери-техникалық саясат және киберқауіпсіздік саласындағы әскери ынтымақтастықтың даму мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Францияның әскери ынтымақтастығы жоспарлы негізде жүзеге асырылып жатқанын атап өткен жөн.