Қор нарығында теңге нығая түсті

Қор нарығында теңге нығая түсті
Сурет: Kapital.kz

Доллар тоғыз теңгеге арзандады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 8 шілденің кешімен салыстырғанда 9,27 теңгеге төмендеп, 1 доллар 464,85 теңге болды. 

Ұлттық банктің 11 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 474,92 теңге.

 Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 468,70 теңге, сатып алу – 474,20 теңге. 

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 468 теңгеден болса, сатып алу – 472, 60 теңге.