Қор нарығында теңге бағамы нығайды

Қор нарығында теңге бағамы нығайды
Сурет: Egemen.kz

Бір доллар 427, 39 теңге болды. 

Нұр-Сұлтан мен Алматы ақша айырбастау пункттеріндегі мәліметтер бойынша, дүйсенбімен салыстырғанда теңге нығая түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 417,5 -419, 5 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал, Алматының ақша айырбастау орындарында доллар 416-421,5 теңгеден саудалануда. 

30 мамырдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы бірден 6,29 теңгеге төмендеп, 427,39 теңге болды. Ұлттық банктің 31 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 427, 39 теңге.