Қор нарығында теңге бағамы нығая түсті

Қор нарығында теңге бағамы нығая түсті
Сурет: Azh.kz

Ресми бағамы – 1 долларға 432,79 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10 тиынға арзандады. 1 доллар 432,69 теңге болды.

Ұлттық банктің 18 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 432,79 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 434,53 теңге, сатып алу – 438,72 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 434,02 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 436,66 теңге.