Қор нарығында теңге 421 теңгеге дейін нығайды

Қор нарығында теңге 421 теңгеге дейін нығайды
Сурет: Kapital.kz

Алматыда бір доллар 427 - 433 теңгеге сатылып жатыр.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың ашылу сәтінен бастап доллармен ең төменгі мәмілелер 421,3 теңгеге жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Cауда бір АҚШ валютасы үшін 428 теңге көрсеткішімен басталған. 

Қазіргі уақытта соңғы мәмілелер 424,5 теңгеден жасалуда. 

Kurs.kz деректеріне сүйенсек, 10:55-те елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы 426 теңгеден сатылып, 432 теңгеден сатып алынуда, Алматыда бұл көрсеткіш 427 - 433 теңге.