Қор нарығында доллар сегіз теңгеге қымбаттады

Қор нарығында доллар сегіз теңгеге қымбаттады
Сурет: k

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 473,38 теңге.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8,12 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 473,38 теңге.

Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464,85 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477,50 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 475,50 теңге. Айта кетейік, кеше Қор нарығында доллар 9 теңгеге арзандаған еді.