Қор нарығында доллар сәл қымбаттады

Қор нарығында доллар сәл қымбаттады
Сурет: Almaty.tv

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 482, 04 теңге.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 77 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 482, 04 теңге. Ұлттық банктің 21 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 481, 20 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 481 теңге, сатып алу – 485,5 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 479 теңгеден болса, сатып алу құны – 484 теңге. Ресей рублі 7,65- 7,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.