Қор нарығында доллар мен рубль қымбаттап жатыр

Қор нарығында доллар мен рубль қымбаттап жатыр
Сурет: Epravda.com.ua

Алматыда доллар бағамы 468 - 474 теңге аралығында саудалануда.

Қазақстан қор биржасында доллар мен Ресей рублінің теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,9 – 8,5 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал Нұр-Сұлтанда 7,85 – 7,95 теңге аралығында құбылып тұр. 

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 465- 469 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыда доллар бағамы 468 - 474 теңге аралығында саудалануда. 23 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы бірден 10,79 теңгеге қымбаттап 465, 15 теңге болды.

Ұлттық банктің 24 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 464, 81 теңге.