Қор нарығында доллар бағамы тұрақтанды

Қор нарығында доллар бағамы тұрақтанды
Сурет: Kapital.kz.

Доллардың орташа бағамы 472,47 теңгені құрады.

KASE Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 472,47 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ресей рублінің орташа бағамы 7,73 теңгеге дейін төмендесе, Қытай юанінің орташа бағамы 67,93 теңгеге дейін төмендеді.

Еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ. Ұлттық банк Еуро бағамын 468,9 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларларды 473-477 теңгеден, еуроны 469-476 теңгеден, ресей рублін 7,2-7,65 теңгеден сатып алады/сатады.