Қор нарығында доллар бағамы тағы өсті

Қор нарығында доллар бағамы тағы өсті
Сурет: Alau.kz

Бір доллар бағамы 8,78 теңгеге қымбаттады. 

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8,78 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 465, 08 теңге. Ұлттық банктің 29 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 456, 05 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 460 теңге, сатып алу – 465,50 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 459,50 теңгеден болса, сатып алу құны – 462 теңге.