Қор нарығында доллар бағамы сәл өсті

Қор нарығында доллар бағамы сәл өсті
Сурет: Kapital.kz

Ресми бағамы – 1 долларға 480, 36 теңге.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 85 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 481, 20 теңге. Ұлттық банктің 20 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 480, 36 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 482 теңге, сатып алу – 486 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 479 теңгеден болса, сатып алу құны – 483 теңге. Ресей рублі 7,65-8 теңге аралығында саудаланып жатыр.