Қор нарығында доллар бағамы өсті

Қор нарығында доллар бағамы өсті
Сурет: Vlast.kz

Ресми бағамы – 1 долларға 464, 85 теңге болды. 

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде дүйсенбімен салыстырғанда доллар бағамы сәл артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 469 – 475 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал Алматыда доллар бағамы 471 – 476,50 теңге аралығында құбылып тұр. 11 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,86 теңгеге арзандап, 465,26 теңге болған. 

Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464, 85 теңге.