Қор нарығында доллар бағамы өсті

Қор нарығында доллар бағамы өсті
Сурет: Inbusiness.kz

Алматыда бір доллар 474 теңге болды.

Қазақстан қор биржасында (KASE) 30 маусымда сағат 11:00-де доллардың орташа сараланған бағамы 471,18 теңгеге жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Кurs.kz мәліметтері бойынша, елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 11:50-де 473 теңге, Алматыда 474 теңге болды.

Ұлттық банктің 30 маусымдағы ресми бағамы 1 долларға 465,08 теңгені құрайды.