Қор нарығында доллар бағамы өсті

Қор нарығында доллар бағамы өсті
Сурет: Inbusiness.kz

Бір доллар 429,57 теңге болды.

Мамырдың 16 күні доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,34 теңгеге көтеріліп, 429,57 теңге болды.

Айта кетейік, доллардың 16 мамырдағы ресми бағамы 427,84 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 430,42 теңге, сату - 434,86 теңге.

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 431,41 теңгеден сатып алынып, 434,04 теңгеден сатылып жатыр.