Қор нарығында доллар бағамы арзандады

Қор нарығында доллар бағамы арзандады
Сурет: Almaty.tv

Алматыда доллар бағамы 463-467 теңге аралығында құбылып тұр.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде демалыс күндермен салыстырғанда доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462,5 - 465 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал Алматыда доллар бағамы 463 - 467 теңге аралығында құбылып тұр. Ұлттық банктің 4 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 466, 44 теңге. 

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,30-8,20 теңге аралығында саудаланып жатыр.