Қор нарығында доллар бағамы арзандады

Қор нарығында доллар бағамы арзандады
Сурет: Lada.kz

Алматыда бір долларды 460,50 теңгеге сатып алуға болады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 маусым кешімен салыстырғанда 4,89 теңгеге төмендеп, 1 доллар 456, 05 теңге болды. Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 460,95 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы 455,50 теңге, сатып алу – 460,50 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 450 теңгеден болса, сатып алу құны – 457,50 теңге.