Қор нарығында доллар бағамы 7 теңгеге арзандады

Қор нарығында доллар бағамы 7 теңгеге арзандады
Сурет: Inbusiness.kz

Доллардың 23-25 ​​шілдедегі ресми бағамы - 483,88 теңге.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,38 теңгеге төмендеп, 475,92 теңгеге тең болды Айта кетейік, доллардың 23-25 ​​шілдедегі ресми бағамы - 483,88 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу – 477,86 теңге, сату – 482,32 теңге. 

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,39 теңгеден сатып алынып, 481,55 теңгеден сатылып жатыр.