Қор нарығында доллар бағамы 462 теңгеге көтерілді

Қор нарығында доллар бағамы 462 теңгеге көтерілді
Сурет: Atpress.kz

Алматыда доллар бағамы 456 - 462,50 теңге аралығында құбылып тұр.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде сәрсенбімен салыстырғанда доллар бағамы бірден 10 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 456 - 458 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 456 - 462,50 теңге аралығында құбылып тұр. 22 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы бірден 6,04 теңгеге қымбаттап 454,36 теңге болды.

Ұлттық банктің 23 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 454, 11 теңге.