Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар арзандады
Сурет: Egemen.kz

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 435, 92 теңге. 

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,42 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 435, 92 теңге. 

Ұлттық банктің 14 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 436, 18 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 434,89 теңге, сатып алу – 439 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 434, 97 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 437, 15 теңге.