Қор нарығында АҚШ доллары қайта қымбаттады

Қор нарығында АҚШ доллары қайта қымбаттады
Сурет: Kapital.kz

Доллар 1, 10 теңгеге қымбаттады.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1, 10 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 460, 99 теңге.

Ұлттық банктің 15 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 459, 74 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункіттерінде доллардың сату бағамы – 462 теңге, сатып алу – 467 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463, 5 теңгеден болса, сатып алу құны – 465,5 теңге.

Ресей рублі 7,37 - 7, 42 теңге аралығында саудаланып жатыр.