Қор биржасында доллар қымбаттады

Қор биржасында доллар қымбаттады
Сурет: Kaztag.kz

Бір доллардың  орташа бағамы – 448,26 теңге.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,17 теңгеге қымбаттады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 448,26 теңге. 

Ұлттық банктің 25 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 443,99 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 448,94 теңге, сатып алу – 452,16 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 447,19 теңгеден болса, сатып алу құны – 449,56 теңге.