Қор биржасында доллар бағасы өсті

Қор биржасында доллар бағасы өсті
Сурет: Zhasalash.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,24 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 464, 34 теңге, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ұлттық банктің 18 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 464, 09 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,77 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу – 467 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 462,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 465, 5 теңге.

Ресей рублі 6,52 - 6,62 теңге аралығында саудаланып жатыр.