Қор биржасында доллар бағамы 442,74 теңге болды

Қор биржасында доллар бағамы 442,74 теңге болды
Сурет: Akchabar.kg

Алматыда 450 теңге болды.

Қазақстан қор биржасында (KASE) 11 мамырда сағат 12.30-да доллардың орташа сараланған бағамы 442,74 теңгеге жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 447 теңге, Алматыда 450 теңге болды.

Ұлттық банктің 11 мамырдағы ресми бағамы 1 долларға 434,47 теңгені құрайды.

Келесі күні теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленді.