Көпшілік бұл Жолдаудың соңғы жылдардағы ең жақсысы деп жатыр, мен де бұл пікірге қосыламын – Айсұлу Ерниязова

Көпшілік бұл Жолдаудың соңғы жылдардағы ең жақсысы деп жатыр, мен де бұл пікірге қосыламын – Айсұлу Ерниязова
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Айсұлу Ерниязова: G-8 студенттік қозғалысының негізін қалаушы 

Президенттің бүгінгі Жолдауына байланысты көптеген қоғам өкілдері пікірлерін білдіріп жатыр. G-8 студенттік қозғалысының негізін қалаушы Айсұлу Ерниязова да Жолдаудан алған әсерімен бөлісуде жөн көрген. 

«Жолдауда айтылғандарды әлі де қайта-қайта оқып жатырмын. Дегенмен Жолдаудан алған әсеріммен осы постта бөлісейін», - деп жазды ол.

Оның айтуынша, бүгінгі Жолдауда  елдің бәрі күткен саяси реформалар айтылды.

«Шартты түрде мемлекет басшысының айтқандарын үш бөлімге бөлуге болады: шешімдер және қаңтар оқиғалараның зардаптарын қалпына келтіру, маңызды саяси өзгерістер, азаматтық қоғамдастықты көбірек тарту. Президенттің бүгінгі сөзінен кейін 30-ға жуық заңнамалық актілерін өзгерістер күтіп тұр» , - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Жолдауда айтылған мәселелерді талқылай отырып, Айсұлу Ерниязова халықты Президенттің басатамалын қолдауға шақырыпты:

«Сонымен, айтылғандардың бәрін қорытып, іске кірісейік. Әрбір адам өзінің осы орнында, қарым-қатынасында, өзінің жұмысында болсын іске көшейік. Президент әрбір жолдауында айтып жүргендей, осы жолы да, әсіресе, шиеленіскен геосаяси жағдайда тағы да бірлікке, ынтымаққа шақырды. Жолдау бәріне ұнады деген ойдамын», - деді ол.