Көп балалы отбасылар 283,7 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Көп балалы отбасылар 283,7 млрд теңгеге жәрдемақы алды Сурет: Ranepa.ru

496,6 мың отбасы қамтылды.


Қазақстан Үкіметі жыл басынан бері көп балалы отбасылар қанша жәрдемақы алғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Жыл басынан бері көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 496,6 мың отбасы қамтылды, оның ішінде қазан айында 494 мың отбасына 29,9 млрд теңге жәрдемақы төленді», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.


Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көп балалы отбасылардағы 4 балаға – 50 975 теңге, 5 балаға – 63 727 теңге, 6 балаға –  76 479 теңге, 7 балаға – 89 231 теңге, 8 балаға – 101 760 теңге, 9 балаға – 114 480 теңге, 10 балаға – 127 200 теңге, 11 балаға – 139 920 теңге, 12 балаға – 152 640 теңге, 13 балаға – 165 360 теңге, 14 балаға – 178 080 теңге, 15 балаға – 190 800 теңге, 16 балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 720 теңге төленеді.


Еске салайық, көп балалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көп балалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09