Көп пәтерлі үйлерде газ баллондарын қолдануға тыйым салынады

Көп пәтерлі үйлерде газ баллондарын қолдануға тыйым салынады ortalyq.kz

Министр жеке тұрғын үйлердің иелерін жылыту және электрмен жабдықтау жүйесін алдын ала ретке келтіруге, түтін мұржаларын тазартуға шақырды












Сырым Шәріпханов Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуде осы маңызды мәселеге назар аударды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Жылыту кезеңінің қорытындысы бойынша өртте қаза болғандар саны 6%-ға азайды, бұл ретте барлығы 3,5 мыңнан астам өрт тіркелді.


Министр өрттің шығуының негізгі себептері – электр аспаптарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу - 34,3%, пешті жылытуды дұрыс орнатпау және пайдалану - 29,3%, отты абайсыз пайдалану - 18% екенін еске салды.



«Осы фактілерді ескере отырып, алдағы жылыту кезеңіне дайындық аясында азаматтардан жылыту және электрмен жабдықтау жүйесін алдын ала ретке келтіруді, түтін мұржаларын тазалауды жүргізуді сұраймын», - деді Сырым Шәріпханов.



Сонымен қатар, қыста газ баллондарының жарылып, өрт шыққан фактілер саны өскені тіркелді.


Осыған байланысты, Сырым Шәріпханов лицензияланған станцияларда тек жарамды және қажетті газ жабдығын пайдалану керектігін еске салды. Екі қабаттан асатын көп пәтерлі үйлерде газ баллондарын қолдануға тыйым салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37