Көп балалы болуына байланысты наградталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері ұлғайтылмақ

Көп балалы болуына байланысты наградталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері ұлғайтылмақ Сурет: Uralskweek.kz

"Алтын алқа", "Батыр ана", "Ана даңқы" наградалары иесіне берілетін жәрдемақы мөлшері сараланады.


Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Әәлеуметтік әділеттілікті орнату үшін наградталған аналарға берілетін жәрдемақының мөлшері сараланады. Мәселен, «Алтын алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналар үшін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылады», - деп көрсетілген министрлік хабарламасында.


Сонымен қатар, дүниеге 6-дан көп бала әкелген аналар үшін де арнайы қолдау тетіктері қарастырылмақ.



«Бүгінгі таңда 6 және 7 немесе одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар бірдей жәрдемақы алады. Бұл ретте ол аналарға құрмет ретінде наградталған аналар мәртебесі белгіленеді», - деп көрсетілген ведомство мәлімдемесінде.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37