Кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы әшкере болды

Кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы әшкере болды
Сурет: 24.kz

Күдіктінің кім екені анықталды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қаржы пирамидасы GAP кооперативі ретінде жеке тұлғалардан үй немесе көлік сатып алуға көмектесуді ұйымдастырған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Шымкетте өндірістік кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды.

Сенгіш азаматтармен тұрғын үй немесе көлік сатып алуға ақшалай көмек көрсету туралы келісім жасаған күдіктінің кім екені белгілі болды.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға сот шешімімен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғаны хабарланды.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша тіркелді.

Осы жайтқа байланысты Түркістан облысының полицейлері азаматтарға күмәнді уәделерге сенбей, барынша қырағы болу керектігін ескертеді.