Конституциялық сот қашан құрылады?

Конституциялық сот қашан құрылады?
Сурет: Еgov.kz

Ертең министрлік «Конституциялық сот туралы» Конституциялық заңның тұжырымдамасын ведомствоаралық комиссияның талқылауына шығарады.

Егер комиссия мақұлдаса, тиісті заң жобасының пакеті дайындалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Концептуалдық нормалар Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталына шығарылып, талқыланады. Сосын Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жүгіну процестерін жазамыз. Осының бәрін ескеріп, заң жобасын осы жылы тамыз айының соңына дейін Мәжіліске енгізу жоспарланып отыр», - деді әділет вице-министрі Алма Мұқанова.

Одан кейінгі жұмыс депутаттық корпустың заң жобасын қай уақытта қарап қабылдайтынына байланысты.

«Сондықтан Конституциялық сот осы жылдың соңы немесе келесі жылдың бірінші жартыжылдығында құрылады деген жоспар бар», - деді вице-министр.