Конституцияға түзетулерді тек халық қана бекітуге құқылы

Конституцияға түзетулерді тек халық қана бекітуге құқылы almaty-akshamy.kz

AMANAT партиясының мүшелері Сырым Адамбаев, Қанат Нұров және партияның қалалық штабының мүшесі Ерболат Қасымов 5 маусымда өтетін референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын насихаттау мақсатында Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан «Балдәурен» оңалту орталығы мүгедек балаларға консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсететін орталықта болды. 



 «Түсіндіру жұмыстары – өте маңызды саяси шара. Мен алматылықтарды референдумға қатысуды маңыздылығын жеке-жеке түсіндірудемін. Өйткені барлығы барынша адал және ашық болады. Бұл ретте, Конституцияға түзетулерді тек халық қана бекітуге құқылы», - деп атап өтті партияның республикалық штабының мүшесі Қанат Нұров.




 Оның депутаттық корпус бойынша әріптесі Сырым Адамбаев мегаполистегі жұмыстың алдын ала қорытындыларын да шығарды.



«AMANAT партиясының республикалық штабының мүшесі бола отырып, біз Алматы тұрғындарының басым бөлігінің 5 маусымдағы референдумға қатысуға дайын екендігіне өз көзімізбен көз жеткіздік. Бұл іс жүзінде елдің болашағын анықтайтын тарихи оқиға», - деп қорытындылады С.Адамбаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26