Конституцияға енгізілген өзгерістер халықтың әл-ауқатын жақсартады – Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілі

Конституцияға енгізілген өзгерістер халықтың әл-ауқатын жақсартады – Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілі
Сурет: Almaty.TV

Бүгін Достық үйінде жиын өтіп, қатысушылар Елбасының референдум өткізу туралы бастамасын қолдайтындықтарын білдірді

Конституцияға енгізілген өзгерістер халықтың әл-ауқатын жақсартады деп есептейді қаладағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Бүгін Достық үйінде жиын өтіп, оған қатысушылар Елбасының референдум өткізу туралы бастамасына қолдау білдірді. Этномәдени бірлестік мүшелерінің пікірінше, референдум Жаңа Қазақстанды құру жолындағы үлкен қадам. Бұл өзгерісті бастау үшін қазақстандықтар сайлау учаскелеріне келуі керек.

«Елбасының елімізде бейбітшілік, ұлтаралық тұрақтылық, келісім нығаюы үшін әр бапқа өзгеріс ұсынғанын көреміз.  Бейбітшілік - еліміздің іргетасы. Біз көппіз, әртүрлі ұлт өкіліміз, бірақ бізді еліміз біріктіреді», –  деді Қазақ орыс этномәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев.