Конституцияға енгізілетін өзгерістер аталды

Конституцияға енгізілетін  өзгерістер аталды
Сурет: Gov.kz

Заң жобасы 2022 жылғы сәуірде әзірленеді.

Әділет министрі Қанат Мусин бүгін Үкімет отырысында Конституцияға енгізілетін өзгерістерді айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өзгерістер:

- Президент өкілеттігі;

- оның лауазымда болуына байланысты шектеулер;

- Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитетінің, Конституциялық Кеңестің төрағалары мен мүшелерінің саяси партиялардан шығуы;

- Парламент Сенаты мен Мәжілісін қалыптастыру тәртібі және оның функциялары,

- республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетін Жоғары Аудиторлық Палатаға қайта құру;

- мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі;

- азаматтардың, Бас прокурордың және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің де өтініш жасауына мүмкіндік бере отырып, Конституциялық Сот құру;

- өлім жазасын жою туралы шешімді Конституцияда бекіту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу.

«Заң жобасы 2022 жылғы сәуірде әзірленеді деп жоспарланып отыр», - деді министр.

Бұдан бөлек Конституциялық заңдарға және басқа заңдарға мынадай өзгерістер енгізіледі:

- әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салу;

- Парламент Сенаты мен Мәжілісін қалыптастыру тәртібі және оның функциялары,

- Конституциялық Кеңестің және Жоғары Сот Кеңесінің төрағалары қызметіне кандидатураларды келісу;

- Жоғары Аудиторлық Палата құру туралы;

- мәслихаттарды қалыптастыру тәртібі мен олардың функциялары;

 - саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату;

 - прокуратура мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша;

- сайлау процесін жетілдіру;

 - алқабилер сотының қатысуымен істер санаттарын кеңейту;

- бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау;

- жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер енгізу.

«Бұл бойынша 2022 жылғы тамызда заң жобасы әзірленеді деп жоспарланып отыр», - деді министр.