Конституцияға енгізілетін өзгерістер әр қазақстандық үшін маңызды – Күнзира Лайық

Конституцияға енгізілетін өзгерістер әр қазақстандық үшін маңызды – Күнзира Лайық
Cурет: Almaty.tv

Референдумның мән-маңызын түсінген оқытушылар елдегі саяси өзгеріс ең алдымен дауыс беруден басталатынын айтып отыр

Референдумға белсенді атсалысу – ең әуелі азаматтардың саяси құқығы. Сондықтан ұсынылатын жобадағы өзгерістер де ел тұрғындарының мүддесі үшін болмақ. Бұл ретте алда болатын республикалық дауыс берудің жүйесін түсіндірген мамандар бүгін Алматыдағы «Әділет» колледжінде кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv –ге сілтеме жасап.

Ал референдумның мән-маңызын түсінген оқытушылар елдегі саяси өзгеріс ең алдымен дауыс беруден басталатынын айтып отыр.

«Референдум  – бұл Қазақстан халқы үшін өте маңызды деп есептеймін. Өйткені, Конституцияға кейбір баптарға енгізілетін өзгерістер әр қазақстандық үшін маңызды. Біз бүгін Бостандық ауданының әкімшілігінен келген адамдармен бұл жайлы талқыладық және бәріміз осы референдумға атсалысамыз, дауыс береміз», – деді «Әділет» колледжінің оқытушысы Күнзира Лайық.

«Біріншіден, Парламенттің күшейетініне қуаныштымын. Бұл дегеніміз, халықтың таңдау құқығы ескеріледі деген сөз. Әлбетте, өз тағдырымызды өзіміз таңдап, бұл референдумда дауыс беруден шетте қалмауымыз қажет», – деді ҚХА-ның мүшесі Олеся Клименко.