Конор МакГрегор UFC-дегі келесі кездесуі жайлы мәлімдеме жасады

Конор МакГрегор UFC-дегі келесі кездесуі жайлы мәлімдеме жасады
Сурет: Ашық дереккөзі

МакГрегор жеңіл салмақтың рейтингінде 12 сатыда тұр

Екі салмақ бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор (22-6) келесі кездесуін жартылай орта салмақта өткізетінін хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, дәл осы жартылай орта салмақта қазақстанның өкілі Шавкат Рахмонов (16-0) та өнер көрсетеді. Негізі қазіргі уақытта МакГрегор жеңіл салмақтың рейтингінде 12 сатыда тұр. 

Еске салайық, ирландиялық файтер соңғы кездесуін 2021 жылдың шілде айында өткізіп, америкалық Дастин Порьеден жеңіліп қалды. Ол айқаста Конор аяғын сындырып алды. Содан бері емделген болатын.